35 Заглушка: Заголовок
Дата: 2025-11-28 21:00:37
«Адал азамат» тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарына сәйкес 27–29 қыркүйек аралығында Павлодар жоғары экономикалық колледжінде буллинг пен суицидтің алдын алу бойынша семинар-тренингтер өткізілді. Тренинг барысында психолог Исинбаева Қ.Г. білім алушылармен бірге «қақтығыс», «буллинг» ұғымдарын және олардың айырмашылықтарын талқылады. «Сиқырлы сөздер», «Дипломатиялық қабылдау» сияқты жаттығулар мен ойындар білім алушыларға бірін-бірі түсінудің, қарым-қатынаста сыпайы болудың, бейтаныс адаммен байланыс орната білудің маңыздылығын ұғындырды. Сондай-ақ дауласудың, қалжыңдасудың кей жағдайда жанжалға апарып соқтыратыны туралы айтылып, пікір алмасылды және өзгелермен қарым-қатынаста толерантты болудың қажеттілігі жөнінде қорытынды жасалды. Согласно единого плана воспитательной работы «Адал азамат» в Павлодарском высшем экономическом колледже Казпотребсоюза в перид с 27 по 29 сентября состоялись семинар-тренинги по профилактике буллинга и суицида. В процессе тренинга психолог Исинбаева К.Г. совместно с учащимися обсудили понятия «конфликт», «буллинг» и их различия. Упражнения и игры «Волшебные слова», «Дипломатический прием» позволили учащимся убедиться в том, насколько важно понимать друг друга, быть вежливым в общении, уметь найти контакт с незнакомым человеком, говорили об уместности споров, шуток, которые могут приводить к конфликтным ситуациям, обменялись мнениями и сделали выводы о необходимости проявления толерантности во взаимоотношениях с другими.