Мамандықтар

 

        Колледж келесі мамандықтар бойынша дайындау жүргізеді:

 

  0518000 «Есеп және аудит»

0516000 «Қаржы»

0513000 «Маркетинг»

0201000 «Құқықтану»

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»

1305000 «Ақпараттық жүйелер»

        

Мамандықтар бойынша кәсіптік білім беру бағдарламасын  игеру формасы:  күндізгі және сырттай оқыту бөлімі

Оқу мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі

 

0518000 «Есеп және аудит (салалар бойынша)»

0518033 Экономист-бухгалтер

 

Экономист-бухгалтердің кәсіптік объектілері:

-қаржы-шаруашылық қызметтің есебін жүргізу, сонымен қатар, осы әр түрлі ұйымдық-құқықтық меншік түрлеріндегі ұйымдардың қызметі жағдайы мен нәтижелерін бақылау және талдау болып табылады.

 

Экономист-бухгалтердің кәсіптік қызмет түрі:

-қаржы-шаруашылық қызмет жағдайы мен нәтижесінің бақылауы мен талдау ұйымдарда бухгалтерлік есепті жүзеге асыру жұмыстарын орындайды.

 

Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:

- Жұмысында ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі мен бухгалтерлік есебін ұйымдастыруда заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды қолдану;

- Ұйым саясатының есебін құрау кезінде ұйымдарда бухгалтерлік есептің түрі мен әдістерін қолдану;

- Келіп түсетін негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың, ақшалай қаражаттың есебін жүргізу, олардың қозғалысымен байланысты операцияларды бухгалтерлік есептің уақытылы көрсету;

- Бухгалтерлік есептің деректері негізінде ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің кешенді талдауын жүргізу және қаражаттың жұмсалуындағы кемшіліктерді жою, өндірістің тиімділігін арттыру, үнемдеу режимін біртіндеп жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

- Қаржы тәртібін сақтауға, салық және өзге де міндетті төлемдерді уақытында төлеуге бағытталған іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

- Бухгалтерлік баланс, өнім, пайда өндіруге кеткен қаражаттың кіріс және шығындар есебін жасау үшін деректер жинау;

- Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік, статистикалық, салықтық есептеулерін белгіленген уақытында жасау;

- Ұйымның қызметінің қаржылық нәтижелері мен шаруашылық операциялары туралы деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және сақтау;

- Деректерді өндеуде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгертулер енгізу;

- Ұйымның бюджеттік жоспарын құру, капиталдық салымдардың тиімділігін талдау, қаражатты пайдалануды бақылау.

 

 

0513000 «Маркетинг (сала бойынша)»

0513053 Маркетолог

 

Маркетологтың кәсіптік іс-қызметінің нысандары:

Кәсіпорындардағы және ұйымдардағы

-өнеркәсіптік;

-ауыл шаруашылықтық;

-сауда;

-тасымалдау;

-байланыстар;

-құрылыс;

-энергетика және басқа экономика салаларын ұйымдастыру үрдісі.

 

Маркетологтың кәсіптік іс-қызмет түрлері:

-сәйкес қызметтің, бөлімдерінің, сауда бірлестіктерінің, қызмет көрсету фирмалары мен ұйымдардың, биржа, акционерлік қоғам мен басқа бөлімшелердің құрылымын білу;

-функциясы мен лауазымдық міндеттерін білу;

-сұранысты зерттеу мен маркетинг жағдайларын болжау бойынша оперативтік құжаттарды жетілдіру;

-сауда ұйымдарын тауармен жабдықтауды ұйымдастыру;

-тауарды өткізуді ынталандыру бойынша жарнама іс қызметін зерттеу;

-тиімді баға саясатында бағытты білу;

-заң жағдайлары мен нормативті құжаттар мен жұмыс істеу.

 

Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:

 

- Нарықта тұтынушылардың мінез-құлқын зерттеу;

- Маркетингтік ртаны үйрену;

- Маркетингілік зерттеулер өткізу;

- Сұраныс пен ұсынысты болжау;

- Жаңа тауарлардың маркаларын, брендін құру;

- Жарнамалық жағдайларды өндеу;

- Тауарлардың өтімділігін жылжыту және ынталандыру;

- Баға белгілеу стратегиясын өндеу;

- Бәсекелестікті талдау және бәсекелестіктің артықшылықтарын құру;

- Бәсекелестік күрестің маркетингтік стратегиясын өндеу.

 

 

0516000 «Қаржы (салалар бойынша)»

0516053 Қаржы жұмысы бойынша экономист

 

Қаржы қызметі бойынша экономистің кәсіптік қызметінің объектілері:

- әртүрлі ұйымдастырушы-құқықтық және меншік формаларының қаржы қызметін талдау және жоспарлау.

 

Қаржы қызметі бойынша экономистің кәсіптік қызметінің түрлері:

-  ұйымның қаржы қызметін жоспарлау және талдау бойынша өндірістік жоспардың қаржылық ресурстармен, табыс және жинақты қолдану және бөлуді қамтамасыз етубойынша жұмыс атқарады.

 

Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:

 

- Қаржы қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік материалдар, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жұмысында қолдану керек;

- Ұйым міндеттемелері бойынша барлық төлем түрлеріне банк құжаттарын дайындау керек;

- Қойылған мерзімінде төленбеген, жеткізушілердің (тапсырыс берушілер) жарнамалық шоттары және шоттар бойынша хат-хабар жүргізу керек;

- Ұйым бөлімшелерінің қаржылық көрсеткіштерінің орындалуын, кассалық тәртіпті сақтауды, жеткізушілермен (тапсырыс берушілер) уақытында есеп айырысуды, тиісті барлық ақша қаражатының уақытында келіп түсуін бақылау керек;

- Қаржы қызметі бойынша оперативті және бухгалтерлік есеп беру, сметаның орындалуын талдау керек;

- Өнімді іске асыру және өндірістің табысын жоғарылату бойынша іс-шараны әзірлеуге, жеке қаражат айналымын дұрыс қолдануға, материалдық құндылықтардың артық қорларын жоюға және алдын-ала ескертуге, ұйым өнімінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге қатысу керек;

- Ұйым құралын қалыптастыруға және қолдануға қатысады, олардың құрылымдары мен қозғалысына талдау жасау керек;

- Ұйымның қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бос қаржы құралдарын тиімді орналастыру мақсатында және несие ресурстарының нарықтық жағдайын оқып білуге, талдау бойынша жұмысына қатысу керек;

- Қаржы операцияларын іске асыру үшін жеке қаржы құралдарын қолдану және қарыздарды жұмылдыру бойынша жұмыс жүргізу керек (несиелендіру, қаржы ресурстарын бағалы қағаздарға инвестициялау, ақша құралдарын банк депозиттеріне орналастыру, және т.б.);

- Ұйымның қаржы нәтижелері туралы қойылған есеп беруді құрастыру керек;

- Ішкі және сыртқы қаожы ақпарат мәліметтер базасын жүргізу және сақтау бойынша жұмыстарды орындайды, мәліметтерді өндегенде анықтамалық және нормативтік ақпаратқа өзгерістер енгізу керек;

- Есептеуіш техника көмегімен шешілетін, экономикалық есептерді құруда немесе олардың жеке кезеңдерін қоюға қатысады, қаржы ақпаратын өндеудің экономикалық дәлелденген жүйесін құруға мүмкіндігі бар, колданбалы пакеттер бағдарламасы және дайын алгоритмдерді қолдану мүмкіндігін анықтау керек.

 

 

0201000 «Құқықтану»

0201023 Кеңесші-заңгер

 

Кеңесші-заңгер маманының кәсіптік қызметінің нысаны болып: жергілікті атқарушы: өкімдік орган, мемлекеттік басқарудың басқа органдары, сол сияқты кәсіпорын, мекеме, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер болып табылады.

 

Кеңесші-заңгер маманы келесі кәсіби қызмет түрлерін іске асырады:

-консультациялар: кәсіпорын құрылымдық бөлімшелеріне және қоғамдық  ұйымдарға әртүрлі құқықтық құжаттарды ресімдеуге құқықтық көмек көрсетеді;

-ұймдық-басқарушылық: кәсіпорын қызметкерлерін ұйымдастыру, құқытық басқару мәселелері бойынша кеңес береді;

-мемлекеттік-құқықтық :қолданыстағы заңды нормативтік актілерді жүйелі түрде есепке алу мен сақтау бойынша жұмыс жүргізеді, олардың күшінің жойылуы, өзгертілуі мен толықтырылуы туралы белгілер қояды, қазіргі ақпараттық технологиялар мен есептеу құралдарын негізге ала отырып, анықтама құжаттарын әзірлейді;

-шаруашылық-құқықтық: кәсіпорын қызметінде пайда болатын құқықтық мәселелер бойынша қорытынды дайындауға, сол сияқты, кәсіпорын қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.

 

Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:

 

- Азаматтық-құқықтық шарттарды, азаматтық іс жүргізу және нотариалдық құжаттарды құрастыру әдістерін меңгеруге;

- Жұмысшыларды тәртіптік және материалдық жауаптылыққа тарту жөнінде құжаттарды ресімдеуге;

- Орындалатын жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге;

- Көрсетілетін қызмет түрлерінің орындалу әдіс-тәсілдерін жетілдіруге;

- Кәсіби этиканы сақтауға міндетті.

 

 

            1304000  «Есептеуші техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру

(түрлері бойынша)»

1304043 Техник бағдарламашы

 

Орта буын техник-бағдарламашы маманының кәсіби қызметінің объектісі:

-бағдарламалық қамтамасыздандыруды құру құралдары мен технологиялық әдістері, тестілеу, бағдарламаларды іске асыру және жүргізу.

 

Орта буын деңгейіндегі білікті маманның кәсіби қызметінің түрлері:

-есептеуіш техника құралдарымен берілген тапсырманың орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін математикалық модель мен алгоритмді талдау негізінде бағдарламаны құру, тестілеу мен өндеу.

 

Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:

 

- Қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалау;

- Бағдарламаны құрудың барлық кезеңдерінде дұрыс технологияны таңдау;

- Бағдарламалау тілін таңдау;

- Бағдарламалық жабдықтар мен бағдарламаларды енгізу және жүргізу;

- Бағдарламаларды және бағдарламалық өнімдерді тестілеу.

 

1305000 «Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша)»

1305023 Техник (қолдану салалары бойынша)

 

 

Орта буын маманының кәсіптік қызметінің объектісі болады:

- ақпараттарды өңдеу және басқарудың әртүрлі автоматтандырылған жүйелерінің бағдарламалық өнімдері;

-  экономикалық ақпаратты автоматтандырылған өңдеу бойынша технологиялық үрдіс, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің компоненттерін  әзірлеу, дамыту және жүргізу.

 

Орта буын маманының кәсіптік қызметінің түрлері:

-өндірістік-технологиялық-мәліметтердің базасын және ақпараттық іздеу жүйелерін қызмет ету мен құрастыру үшін бағдарламалар дайындау, ғылыми және экономикалық міндеттерді шешу үшін бағдарламалар құрастыру, стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;

-жобалау-өндірістік-ақпараттық компьютерлі жүйелерді жобалау, оларды енгізу, функционалдаудың тиімді талдауы;

-ұйымдастыру-өндірістік-бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, барлық жұмыс түрлерін орындау, қауіпсіздік техника нормаларының орындалуын қамтамасыз ету және жобаланған жұмыстарды орындау.

 

 

Орта буын маманның білім берудегі оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасқан маманның біліктілік деңгейіне  сәйкес арнайы құзыретіне ие болу керек:

 

- Қаржы жүйесі орындарының жұмыстарын ұйымдастыру бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік материалдарды қолдана білу;

- Ақпаратты өндеудің технологиялық процесінің қарапайым сызбаларын, есептерді орындау алгоритмдерін, коммуникация сызбасын, макеттерді, жұмыстық нұсқаулықтар мен оларға қажетті түсіндірулерді құрастыру;

- Экономикалық есептерді шешу бағдарламаларын әзірлеу, олардың жұмысының жеке кезеңдерін тәжірибелік тексеру және оларды өндеуді жүргізу;

-  Ақпаратты өндеу технологиялық үрдісінің түрлі операцияларын орындауға қатысу (кіріс ақпаратын қабылдау және бақылау, бастапқы деректерді дайындау, ақпаратты өндеу, кіріс құжаттарды шығару және оларды тапсырушыға беру);

- Бухгалтерлік жөнелтулер, бухгалтерлік және статистикалық есептерді құрастыру және есептеу регистрлер мен басты кітапты жүргізу;

-  Бюджетті құрастыру бойынша есептеулерді жүргізу;

- Есептеуіш техника және ақпараттық жүйелерді пайдалану, еңбекті ұйымдастыру ережелерін қолдану;

- Ақша құралдарының, тауарды көп материалдық құндылықтар мен ұйымдармен, бюджетпен, физикалық тұлғалармен есеп айырысу инвентаризациясын жүргізу.