74 Заглушка: Заголовок

Дата: 2025-11-28 21:00:33
2-35 Ю топ студенттері Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі соттар мен конституциялық қадағалау органдарының рөлі» тақырыбында өткен форумға қатысты. «Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту – заңдылықтың тұрақты дамуының кепілі» атты диалог алаңында заңдылықты дамытудың маңызды мәселелері, конституциялық мониторинг тетіктері, соттардың рөлі мен азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері қозғалды. Спикерлер өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті: Байділдин Данияр Назымбекұлы - Павлодар облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Нұрғалиева Наргиз Қазбекқызы - Павлодар облысындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас маманы, Хамитова Айгүл Айткелдіқызы - Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы, Олжабаев Болат Хабдуллинұлы - доцент С. Торайғыров атындағы университеттің заң ғылымдарының кандидаты, Бектеміров Рашид Бектемірұлы - Павлодар облысы билер кеңесінің мүшесі, Ағыбаев Әлімбек Төлегенұлы - “Қазақстан Халық партиясы” қоғамдық бірлестігінің Павлодар өңірлік бөлімшесі төрағасының орынбасары, Жүнісова Зарина Оразалиқызы-Павлодар облыстық адвокаттар алқасының заңгері, Куклин Дмитрий Викторович-Павлодар облысы консультанттар палатасының заң кеңесшісі. Форум ашық диалог, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және құқықтық мемлекет негіздерін нығайту алаңына айналды.
Автор: Колледж