91 Заглушка: Заголовок
Дата: 2025-11-28 21:00:31
«Туған өлкемнің дара да,дана ақыны» «Бір тұтас тәрбие» жобасы аясында жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, оларды туған халқының әдебиетін сүюге тәрбиелеу, сондай-ақ Кереку өңірінен шыққан ақын жазушылардың қайраткерлік өмір жолын өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында «Туған өлкемнің дара да,дана ақыны» атты әдеби-сазды кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесу кеші өлкеміздің белгілі қаламгер,айтыскер ақын,журналист Шолпан Байғалықызының шығармашылығына арналды. Іс-шарада қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы оқырмандарға мазмұнды мағлұмат беріліп, бейнесюжет оқырман назарына ұсынылды. Шара барысында кеш қонағынағының өлеңдері оқылып,ән айтылып сонымен қатар студенттер өз сұрақтарын қойды. Қанағатқызы Толғанай. «Иса ақын» өлеңін оқыса, «Алтын заң» өлеңдерін Крикунова Анастасия,Черненко Любовь,Чириков Владислав,Негатина Анастасия жатқа оқыды.