112 Заглушка: Тақырып
Күні: 2025-11-28 21:00:29
Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты- білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін ірі мәдени –рухани орталыққа айналып отырғаны кітапхана екені баршаға мәлім. Осыған орай кітапханашы Капсатова Г. М ұйымдастыруымен 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күніне орай «Менімен бірге оқы » атты флешмоб, Павлодар қаласының «Ертіс» телеарнасында өтті.Бұл іс –шараға қазақ тілі пәнінің мұғалімі Уәлиева Д.С өз шәкіртерімен қатысты.Атап айтатын болсақ олар:Мәшен Дияр 3 курс студенті К. Ахметованың «Сен қазақсың», Ы.Алтынсарин «Әй,достарым» Крикунова Анастасия, А.Құнанбайұлының «Жаз» өлеңін Негатина Анастасия және Бокенова Дильназ «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.