134 Заглушка: Тақырып
Күні: 2025-11-28 21:00:26
“ Тілім — менің мерейім!» Наурыз мерекесі қарсаңында “ Тілім — менің мерейім!» атты 1 курс студенттерінің қатысуымен қазақ және орыс әдебиетінің ұлы классиктерінің шығармаларын оқудан мәнерлеп оқу сайысын өткізді.Бұл мерекенің маңызды аспектісі — тілді үйрену, насихаттау, тілдердің үштұғырлығы. Мерекелік шарада жүргізуші оқушыларды ойындарға, әндер мен тақпақтарға шақыра отырып, тілдердің маңыздылығына ерекше назар аударады. Туған тілге, ана тілге құрметтеу, сонымен қатар, өзге ұлттардың мәдениетіне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу бүгінгі кештің негізгі идеясы болып табылады.Студенттер өздерінің орындауындағы сан алуан тақпақтар мен әндер арқылы мереке көңіл-күйін көтереді. Мерекенің ең басты мақсаты – тілдер достығын нығайту, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еді. #bilim_наурыз2025_pvl