135 Заглушка: Заголовок

Дата: 2025-11-28 21:00:26
Наурыз мерекесі қарсаңында «Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжі» кітапханасында «Наурыз ұлттық мұра» атты мерекенің дәстүрлеріне арналған көрме ұйымдастырды. Көрмеде осы күні дайындалатын тағамдардың рецептері, сондай-ақ қазақ халқының ежелден киіп, күні бүгінге дейін киіп келе жатқан киімдерінің эскиздері қойылған. Сонымен қатар, ұзақ тарихына қарамастан, халық арасында әлі де танымал ұлттық ойындарды өткізу тәртібі қамтылды.Солардың ішінде жастарға арналған қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» ойыны ойнатылды.Ойынның шарты: Шаршыны лақтыра отырып,қойылған сұрқтарға жауап беріп алға қадам жасап белгілі мәреге жету болатын.Қыздар тобы сұрақтарға мүдірместен жауап беріп жеңімпаз атанды. #bilim_наурыз2025_pvl
Автор: Колледж