138 Заглушка: Тақырып

Date: 2025-11-28 21:00:26
Павлодар есірткіге ЖОҚ деді! 2025 жылдың 14 наурызында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Максималды өмір: есірткісіз!» стратегиялық сессиясы өтті. Есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, танымал спортшылар мен блогерлер жастармен салауатты өмір салтын қалыптастыруға саналы таңдау жасаудың маңыздылығын талқылады. Студенттер мен белсенділер есірткіге қарсы жаңа ұстаным қалыптастыруға бағытталған нашақорлыққа қарсы науқанның жаңа идеяларын әзірледі. Тақырыпты талқылауға Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенттік парламентінің мүшелері, 2-35 топ студенттері Каблов Артур мен Бұлмұрат Әбілмансұр маңызды үлес қосты - олардың бастамалары талқылауға қосылды. Барлық қатысушыларға бей-жай қарамағаны үшін рахмет! Бірге-Есірткісіз болашақ үшін! # Өмірмаксимум # Есірткісіз # Заң жәнеТәртіп