«ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»

Күні: 2019-05-06 16:24:55
«ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»

«ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»

6 мамыр күні колледжімізде жалпы білім беру пәндерінің оқытушылары Л.Т. Батырханова мен Л.Б. Нурмагамбетованың ұйымдастыруымен 1 Мамыр-«Отан қорғаушылар» күні мен 9 Мамыр-Жеңіс күніне арналған «ЕШКІМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ» атты мерекелік шара өткізілді. Колледжге педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Олар оқушыларға осы Жеңіс күннің жетуіне майдангер аға-апаларымыздың қайтпас ерлігі мен қажырлығының арқасында екенін айтып өтті. Сөз соңында оқушыларымыз ардагерлерімізге колледж атынан сыйлықтар тарту етті.

 

 Іс-шараның мақсаты: оқушыларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту еді. Мерекелік концертте оқушылар мәнерлеп өлең оқыды, билерін көрсетті және соғыс көріністерін сахнада көрсете алды. Аталған концерт көрермендердің көңілдеріне жағымды әсер қалдырды.

 

 

 

Автор: Колледж