Бухгалтерлер күні

Күні: 2013-01-11 04:29:29
Бухгалтерлер күні

 

 

 

 

Қазақстан Республикасында 6 қазанда дәстүрлі түрде  «Бухгалтерлер күні» кәсиби мерекесі  аталып өтті. Бұл оқиғаға арналып Павлодар экономикалық колледжінің  қабырғасында мерекелік шара өткізілді.

Колледжде осы мамандық бойынша мамандарды дайындау 1975 жылы Павлодар кооперативтік техникумның ашылу күнінен бастап жүргізіліп жатыр. 34 жыл ішінде 20 мыннан астам мамандар шығарылды.Олар облыстың экономикалық жүйесінде лайықты орын алады.

 

 

Мерекелік шарада оқушылардың назарына бухгалтер мамандығы туралы тұсаукесер көрсетіліп, Павлодар облтұтыну одағының көп жыл еңбек еткен бас бухгалтер Жантемирова Тұрсын Жантемірқызы сөз сөйледі,  2-3 курс студенттері арасында сайыс өткізілді.

 

 

Сайыскерлер өз командаларын таныстырып, викторина сұрақтарына жауап беріп, қазіргі заманға сай кәсіптік бухгалтер қасиеттерін ашты, бухгалтерлік сөзжұмбақтарды шешіп,  көркем нөмерлерді көрсетті.

 

 

Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша бұл күні достық жеңді.Екі команда жақсы кәсіптік білім көрсеткендері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Автор: Колледж