Қазтұтыну Одағынің Павлодар экономикалық колледжі ұстаздарының біліктілікті арттыруы.

Күні: 2016-01-21 10:46:37
Қазтұтыну Одағынің Павлодар экономикалық колледжі ұстаздарының біліктілікті арттыруы.

Қазтұтыну Одағынің Павлодар экономикалық колледжі ұстаздарының біліктілікті арттыруы.

 

Оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша жылдық жоспарына сәйкес Қазтұтыну Одағының Павлодар экономикалық колледжінде «Пәндік құзыреттілікті қалыптастырудағы заманауи технологиялар» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды «Педагогика және психология» кафежрасының магистры, ПМПИ ПКО сарапшысы Раушан Марденовна Каримова өткізді.

 

Семинар 3 бөлімнен тұрды: 1) «Заманауи білім беру технологиялары» әдістемелік баяндамасы, презентация: «Кейс-технология». 2) Тәжірибелік бөлімі. Тренингтер. 3) Жобаларды қорғау. Анализ, талқылымы, тәжірибемен алмасу.

Бұл семинар білім беру жүйесі басқа көрқараспен қарауға және жаңа педагогикалық жетістіктерге шабыттандырды. Семинарға қатысушылар студенттермен жұмыс істеуде оннан артық жаңа пелагогикалық әдістерді білді. Оқытушылар білім берудің басты мақсатының бірі оқушыларды ойлатып қана қоймай, онда басқаларға қажет болу мотивациясын қалыптастыруға болатын екендігі қорытындысына келді. Өз тәжірибесінде жұмыс үрдісі кезінде білім, танымдылық, креативті ойлар, сана сезім қалай жүзеге асыралатынын көре алды. Бұл колледждегі білім беру әдістемесін ары қарай жақсарту жолындағы тиімді тәжірибе болды.

Семинардың маңызды нәтижесі пәндік құзыреттіліктерді жүзеге асыратын әдістемелердің анализі болып табылды.

 

Семинарға қатысушылар топтарға бөлініп жұмыс атқарды.

 

Семинардың тіжерибелік бөлімі. Тренинг.

Семинар өнімді түрде өтіп, бізге өзіміздің білімімізді, біліктілігімізді және тәжірибемізді бағалауға мүмкіндік берді.

   

Оқытушы Г.Е.Акпарова өзінің зерттеушілік жобасын ұсынып, әріптестері арасында жақсы қорғап шықты. Презентациясында зерттеу объектісі, мақсаттары, жүзеге асыру әдістері және күтілетін нәтиже көрсетіліп, жалпы білім беру пәндері оқытушыларының арасында аса қызығушылыққа ие болды. Презентация түрлі материалдармен безендіріліп эмоционалды түрде жақсы игерілді.

 

 

        Арнайы пән оқытушылары Г.К.Каримова мен Ж.Ж.Курманова өзінің баяндауларында «Салық және салықтөлеу» пәні бойынша модульдерді құрастырудың негізгі тәсілдерін көрсетті. Функционалдық сауаттылық компоненттерін сипаттап өтті.

 

    Андиржанова Г.М., Макарова О.И., Сысоева Л.А., Шойтынов Д.Р. өздерінің оң бағаларын беріп, жұмыстардағы білім берудің замануи технологияларын қолдануына жақсы пікірлерін айтты. Жас мамандар атынан жақсы пікірлермен Макпал Маратовна Рахимбекова сөз айтты.

    Өткізілген семинар оқытушылардың жоғары шығармашылық потенциалдарын көрсетті.

  

Колледж директорының басшылығымен оқытушылар толық құрамда өздерінің біліктіліктерін арттырып сертификаттарын алды.

ПМПИ ПКО-на ұжымымыздың біліктілігін арттыруын ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Колледж әдіскеріАкжолова С.Б.

Автор: Колледж