Жеңіл атлетикалық кросс
Күні: 2026-10-30 14:32:55
30.09.2026 күні «Усолка» шаңғы базасында колледж студенттері арасындағы XXXV спартакиада бағдарламасы аясында жеңіл атлетикалық кросс бойынша жарыс өтті! (2-лига).
Бұл сайыста Павлодар жоғары экономикалық колледжінің намысын абыроймен қорғаған студентіміз Ульрих Юлия жекелей сында бақ сынап, жүлделі II орынды иеленді!
Юлияны және оның жаттықтырушыларын осы керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алға қойған мақсаттарың биік болып, әрқашан топ жара беруіңе тілектеспіз!