30 Заглушка: Заголовок
Дата: 2025-11-28 23:41:37
ФОРУМ «AUYL JASTARY» – ШАБЫТ, БІРЛІК ЖӘНЕ ЖАСТАР ЭНЕРГИЯСЫ! 2025 жылдың 3–5 қазаны аралығында Түркістан облысы, Төлеби ауданының әсем табиғат аясындағы «Тау самалы» демалыс орнында «Ауыл» партиясының құрылымдық бөлімшелерінің III тоқсан бойынша жұмыс қорытындысына арналған «Auyl Jastary» республикалық жастар форумы мен семинар-кеңесі өтті. Бұл форум Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген ауыл жастарын біріктіріп, белсенді жастардың басын қосты. Бағдарламада тимбилдингтер, квесттер, интеллектуалдық және спорттық ойындар, мотивациялық кездесулер мен гитара сүйемелдеуімен от басында өткен жылы әңгімелер қамтылды. Форум барысында жастардың көшбасшылық қабілетін дамыту, тәжірибе алмасу және ауылдық аймақтарды дамытудағы жастардың рөлін арттыру мәселелері талқыланды. Форумға Павлодар жоғары экономикалық колледжі Қазтұтынуодағының «Ауыл» партиясы жастар қанатының өкілдері де қатысты: 1. Каблов Артур (3-35Ю) 2. Балмурат Әбілмансұр (3-35Ю) 3. Гришин Никита (3-35Ю) 4. Васянович Ульяна (3-87М) Қатысушылар бұл форумның өздеріне зор шабыт, жаңа идеялар мен таныстықтар сыйлағанын атап өтті. Шара жастарды туған ауылдың және елдің дамуына белсенді үлес қосуға жігерлендірді!