34 Заглушка: Тақырып

Күні: 2025-11-28 23:41:36
34 Заглушка: Тақырып
2025 жылғы 8 қазан күні «Құқықтану» мамандығының 2-39 Ю және 3-35 Ю топтарының студенттері арнайы пәндер оқытушылары Бабакова С.Б. мен Темірғалиева М.Ж.-ның жетекшілігімен Павлодар облысы Полиция департаментінің мұражайына және Тергеу басқармасындағы оқу полигонына барды. Бұл экскурсия болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығының маңызды бөлігі болды. Студенттер ішкі істер органдарының тарихымен танысып, тергеу жұмысының даму кезеңдері туралы мол мағлұмат алды және оқиға болған жерді қарау процесінің қалай ұйымдастырылатынын тәжірибе жүзінде көрді. Ерекше қызығушылық тудырған нысан – оқу полигоны болды. Онда студенттер криминалистика саласында қолданылатын заманауи әдістермен, тергеушілердің күнделікті жұмысында пайдаланылатын құрал-жабдықтармен және техникалармен танысты. Мұндай кездесулер студенттердің болашақ мамандығының ерекшеліктерін терең түсінуіне, таңдаған кәсібіне деген қызығушылығын арттыруға және құқық қорғау органдарына деген құрмет сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 8 октября 2025 г., студенты групп 2-39 Ю и 3-35 Ю специальности «Правоведение», совместно с преподавателями специальных дисциплин Бабаковой С.Б. и Темиргалиевой М.Ж., посетили музей Департамента полиции Павлодарской области и учебный полигон при Следственном управлении. Экскурсия стала важной частью профессиональной подготовки будущих юристов. Ребята познакомились с историей органов внутренних дел, узнали о развитии следственной работы и смогли увидеть на практике, как организуется процесс осмотра места происшествия. Особый интерес вызвал учебный полигон, где студенты смогли наглядно увидеть современные методы криминалистики, оборудование и технику, применяемые следователями в своей повседневной работе. Подобные встречи помогают студентам лучше понять специфику будущей профессии, укрепляют интерес к выбранной специальности и формируют уважение к службе в правоохранительных органах #RepublicDay #25Қазан #Декларация35жыл @smk_kaz @sayasat_pavlodar @akimat.pavlodar
Автор: Колледж