99 Заглушка: Тақырып

Date: 2025-11-28 23:41:28
99 Заглушка: Тақырып
Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің оқытушысы – Республикалық олимпиаданың жүлдегері 2025 жылғы 21 сәуірде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары арасында 04110100 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша Республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың мақсаты – оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру, озық педагогикалық тәжірибені тарату, кәсіби педагогикалық қауымдастықты дамыту және қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Олимпиада екі кезеңнен тұрды: • A модулі – «Есеп және аудит» пәні бойынша теориялық тест (максималды балл - 30); • B модулі – 1С: Бухгалтерия бағдарламасы бойынша тест (максималды балл - 70). Жалпы ең жоғары балл – 100 балл. Олимпиадаға кемінде екі жыл педагогикалық өтілі бар арнайы пән оқытушылары қатысты. Байқау онлайн-форматта өтіп, үнемі бейнебақылау жүргізілді. Бұл шара әділдікті, ашықтықты және бағалаудың объективтілігін қамтамасыз етті. Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің атынан арнайы экономикалық пәндер оқытушысы Абишева Гүлдана Олжатаевна қатысып, құрметті 3-орынға ие болды. Абишева Гүлдана Олжатаевнаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіби қызметінде табыс, шабыт және биік жетістіктер тілейміз!