106 Заглушка: Заголовок

Дата: 2025-11-28 23:41:27
106 Заглушка: Заголовок
Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенттері – XXV Сәтбаев оқуларының жеңімпаздары 2025 жылғы 28 сәуірде Торайғыров университетінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Торайғыров университетінің 65 жылдығына арналған XXV Сәтбаев оқулары өтті. Мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференция дәстүрлі түрде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген дарынды жастарды, зерттеушілерді және оқытушыларды біріктірді. Ауқымды ғылыми форумға Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің студенттері белсене қатысып, бірқатар тақырыптық секциялар бойынша жоғары деңгейде өнер көрсетті: • «Тарих, өлкетану, археология және этнология» • «Экология және табиғатты қорғау» • «Бизнесте және мемлекеттік деңгейде экономика мен басқару» • «Қаржы жүйесінің қазіргі жағдайы» және басқа да ғылыми бағыттар. Конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар: Бөкенова Дильназ, 1-38 Юк тобы, Никитина Вероника 1-89М тобы, Смайлова Айжан 3-98Б тобы, Мусралинова Диана 3-86М тобы, Бақытжанқызы Айым 1-6МБ, Великдус Артур 1-26П тобы, Гукенгеймер Милана 3-86М тобы. Бұл студенттер өз колледжін абыроймен танытып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, ғылыми қызығушылығын және білімге деген құштарлығын дәлелдеді. Студенттердің жетістіктеріне үлкен үлес қосқан ғылыми жетекшілерге ерекше алғысымызды білдіреміз: Едылбаева Б.М., Кабулова П.М., Рахимбекова М.М., Курманова Ж.Ж., Титова Е.Г., Амиргалиева С.К., Макарова О.И.-ға. Жеңіске жеткен студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Ғылыми қызметтерінде жаңа табыстарға, тың жаңалықтарға және жарқын жетістіктерге жете беріңіздер!
Автор: Колледж