108 Заглушка: Тақырып

Күні: 2025-11-28 23:41:27
108 Заглушка: Тақырып
Бүгін, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Халық әншісі, композитор Шамсутдинова Майра Уәлиқызының 135 жылдығына орай «Күміс көмей әнші - Майра» атты әдеби сазды кеші өтті. Аталған іс-шараға колледжіміздің 1-02ВТИСк, 1-38Юк топтары барды. Кеш барысында ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Асан Әбдікәрімұлы мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, Майра Шамсутдинова атындағы ән-өнер шығармашылық музей-үйінің басшысы Ерлан Рахимов сөз сөйлеп, Шаңырақ халық шығармашылық орталығының «Майра» мектебінің оқушылары, Айтбай Ақнұр, Ақылбек Арғын және музей қызметкерлері Мизан Жұмәлі, Назымгүл Шапағатттың орындауында Майраның әндері шырқалды.
Автор: Колледж