155 Заглушка: Заголовок

Дата: 2025-11-28 23:41:22
155 Заглушка: Заголовок
2025 жылғы 25 ақпанда Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Павлодар облысы бойынша филиалының ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде колледж түлектерімен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен бірлесіп халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Э. А. Темиргалиевамен, халықты ақпараттандыру бөлімінің бас сарапшысы В.Е. Сафронова және МӘСҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры А. А. Капеновамен семинар өтті. Кездесу тақырыбы: МӘМС жүйесіндегі студенттер.Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі аспектілері: медициналық көмектің қолжетімділігін қалай қамтамасыз етуге болады . Семинар барысында спикерлер болашақ түлектерге МӘМС жүйесінің негізгі ұғымдары мен қағидаттары, ТМККК негізгі аспектілері және ҚР-да міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің артықшылықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ қатысушыларды МӘМС төлеушілері, азаматтардың жеңілдетілген санатына кіретіндер , жүйеде мәртебесін қалай жоғалтпау керектігі ,медициналық көмек пакеттері , қормен кері байланыс туралы ақпаратпен таныстырды. Әлеуметтік сақтандыру мәселелері және ҚР Әлеуметтік кодексінің қабылдануына байланысты өзгерістер жарияланды. Қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді .
Автор: Колледж