175 Заглушка: Тақырып
Күні: 2025-11-28 23:41:19
Қазтұтынуодағы Павлодар жоғары экономикалық колледжінің 1 курс студенті Гончаров Никита-Павлодардағы “Үміт үзбеу” қоғамдық қорының еріктісі. Қор ерекше қажеттіліктері бар балаларды, соның ішінде аутизмі бар және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаумен айналысады, оларға қоғамға бейімделуге және қажетті қолдауды алуға көмектеседі. Жақында директор Омарова Гаухар Бакиевнаның жетекшілігімен қор біздің колледж кітапханасына “Саналы ата-ана болу”, “Бақытты некеге бес қадам”, “Отбасылық өмірдің құпиялары”, “Бақытты балаларды тәрбиелеу” сияқты құнды кітаптарды және студенттерге отбасылық қатынастарды түсінуге, отбасы құндылықтарын нығайтуға көмектесетін басқа да брошюраларды тапсырды. Никита қордың қызметіне белсенді қатысады: қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға көмектеседі. Ол үшін әр баланың, оның ерекшеліктеріне қарамастан, қоғамда өзін жайлы сезінуі және дамуының тең мүмкіндіктері болуы маңызды. Қордың еріктілері берілген кітаптар біздің колледж студенттері үшін пайдалы білім мен шабыт көзі болады деп үміттенеді , ал қормен ынтымақтастық болашақта да жалғасады. Никитаның сенімі : Қордың жасап жатқан істерінің барлығы халықтың тұрмысын жақсарту, өскелең ұрпақтың бақытты болашағы үшін жасалып жатыр.