221 Заглушка: Тақырып
Күні: 2025-11-28 23:41:15
«Кітап –таусылмас қазына» Әдеби кейс «Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде «Біртұтас тәрбие» жобасы бойынша 29 қараша күні «Кітап –таусылмас қазына» атты әдеби кейс өткізілді. Бұл әдеби кеш Бейімбет Майлинннің 130 жылдық мерей тойына арналды.Ең алдымен өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар беріліп,қысқаша бейнеролик көрсетілді.Сонымен қатар бұл іс-шарада Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесі кітабы таңдалып алынды.Студенттер повестегі кейіпкерлердің атымен үш топқа бөлінді.Олар Әбдірахман тобы,Есімбек тобы және Шұға тобы.Повесте шиленіскен жағдайларды экранан суретттер арқылы көрсетіліп, үш топқа бөлінген студентер оқиғаларды шешіп отырды.Сұрақтардың дұрыс-бұрысын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Уалиева Динара Серікқызы 5 ұпаймен бағалап отырды. Әбдірахман тобы барлық сұрақтарға толық жауап беріп ,алға шықты.Кеш соңында белсене қатысқан студентерге тәтті-дәмділер таратылды. #біртұтас_тәрбие_pvl