82 Заглушка: Заголовок
Дата: 2025-11-28 21:00:32
«Бақытты балалық шақ елінде» Адамның мейірімді, ықыласты болуы, елін, жерін, Отанын сүюі, танып білуге құмартуы, еңбексүйгіштігі мен ізгі істер жасауы кітап оқумен тығыз байланысты. 1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Павлодар жоғары экономикалық колледжінде «Бақытты балалық шақ елінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және олардың тұлғалық, рухани дамуына ықпал ету болды.Көрмеде қазақ және әлем әдебиетінің балаларға арналған үздік шығармалары, , поэзиялық жинақтар, танымдық баспалар қойылды.