#Қанышжылы

Күні: 2024-02-01 12:02:56
#Қанышжылы

 

Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде 1-03 Тк, 1-36 Юк, 2-01 ВТИСк топтарында Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай студенттерге “Қаныш Сәтбаев - әйгілі геолог” атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты: алғашқы академик, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру.

 

Қазақ ғылымының өрлеуі жолында қажырлы еңбек еткен алып тұлға Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келгеніне биыл 125 жыл толады. Көрнекті ғалымның мерейтойы өңір бойынша жоспар бойынша кең атап өтілмек. Сондықтан да, студенттерімізді мерекелік іс-шараларға белсенді қатысуға шақырамыз!

 

#Қанышжылы

 

Автор: Колледж