Ғылым қызметкерлері күні

Күні: 2023-04-13 07:54:15
Ғылым қызметкерлері күні

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жыл сайын 12 сәуірде Қазақстанда кәсіби мереке – ғылым қызметкерлері күні атап өтіледі.

Бұл күні көрнекті қазақстандық ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келді. Ол бүкіл өмірін ғылымға және оны туған жерінде дамытуға арнады.

Бүгінгі таңда ғылыми жарияланымдар санының өсуі, ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың дамуы, халықаралық ақпараттық ресурстарға қолжетімділіктің кеңеюі, елдің жоғары оқу орындары мен колледждерін ғылыми қызметке тартудың қарқындылығы туралы куәландыратын халықаралық байланыстардың артуы байқалады.

12 сәуірде колледжде Ғылым қызметкерлері күніне орай келесі іс-шаралар өткізілді:

– «Ғылым–бұл өмір»диалог алаңы, онда Инновациялық Еуразия университетінің «Ветеринария және өнеркәсіптік технологиялар»кафедрасының профессоры А. К. Свидерский және Торайғыров университетінің экономика кафедрасының доценті М. Б. Султанбеков баяндама жасады.

Колледж кітапханашысы Г.К. Новотеева «Павлодар жерінің ғалымы» тақырыбы баяндалды. Диалог алаңына 3-83 Мк, 3-84М түлектер тобы студенттері белсенді қатысты.

-С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханаға жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы С. К. Амиргалиева  1-86м тобының студенттерімен барды. Кітапхана қызметкері А. Т. Аяшева экскурсия өткізді, сондай-ақ Торайғыров университетінің жас, перспективалы оқытушысы А.Д. Азербаевтың «Ғылыми адамгершілік-философиялық мұра» тақырыбындағы баяндамасы ұсынылды.

-Колледж кітапханасында «Қазақстан жерінің ұлы ғалымы» атты көрме ұйымдастырылды.

- Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шараларды өткізудің мақсаты білім алушылардың ғылымды зерделеуге қызығушылығы мен назарын аудару, оқушылар арасында ғылыми білімді дәріптеу, студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру үшін жағдайлар жасау болды.

Іс-шараға жауапты болған ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Копеева К.К.

 

 

 

 

 

 

Автор: Колледж