Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар

Күні: 2023-04-05 08:08:23
Әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар

31 наурыз күні ақпараттық технологиялар колледжінің базасында әскери-қолданбалы спорт түрлері, алғашқы әскери дайындық оқытушысы Н.Т. Жансүгіровты еске алу бойынша жарыстар өтті. Павлодар облысы колледждерінің 16 командасы қатысты. Ұлдар мен қыздар келесі түрлері бойынша сайысқа түсті: Кермеде тартылу, АК-74 жартылай бөлшектеп жинау, оқжатарды жарақтау, оқтан босату, арқада жатып кеудені көтеру, пневматикалық мылтықпен ату, арқан тарту, алғашқы медициналық көмек. Біздің колледж студенттері сайыстың келесі түрлері бойынша мынадай нәтижелер көрсетті:

«Оқжатарды жарақтау, оқтан босату» - 1 орын

«Алғашқы медициналық көмек көрсету» - 1 орын

«Арқада жатып кеудені көтеру» - 2 орын

«Кермеде тартылу» - 2 орын

 «Арқан тарту» - 3 орын

Жарыс қорытындысы бойынша қалалық командалар арасында біздің колледж командасы 2 – орынға иеленді. Команданы дайындаған Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушысы Д.К.Нургажинов Құттықтаймыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Колледж