Тәуелсіздік жетістіктері

Күні: 2021-09-18 07:27:45
Тәуелсіздік жетістіктері

     

  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 16.09.2021 күні Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде 3-МП5 тобында оқытушы Д.Н.Дюсембенованың жетекшілігімен «Тәуелсіздік жетістіктері» атты ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа Г.Н.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Майба Надежда Валерьевна шақырылды. Надежда Валерьевна 30 жылдық тәуелсіздікте Павлодар облысы қандай жетістіктерге жеткені туралы оқушыларға презентация арқылы өте қызықты, құнды  ақпарат берді. Оқушылар ақпаратты қызығушылықпен тыңдады. Іс-шара санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

 

 

 

 

 

Автор: Колледж