4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні

Күні: 2019-06-04 15:25:46
4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Осы мерекеге орай біздің колледжімізде әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Кітапханада «Менің Отаным - Қазақстан» көрмесі, колледж радиосында «Мемлекеттік рәміздер» эфирі жүргізілді, біздің колледждің 2-09Фк және 2-22Ф тобының студенттері  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» ұйымдастырған  қоғамдық іс-шараға белсене қатысты.

Автор: Колледж