Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Күні: 2019-03-28 10:39:59
Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!

27.03.2019 күні колледжде Павлодар облыстық «Бұхар-жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің» қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні!» атты концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарламада «қамшы қайтару», «айтыс» сияқты қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті және наурыз туралы әдемі әуендер айтты. Олар қазақтың ұлттық киімдерін, киіз үйдің жабдықтарын, қазақтың ақ дастарханын көрсетті. Концертке келген қонақтар, ұстаздар және оқушылар концерке қызығушылықпен тамашалады. Концертті ұйымдастырушыларға өз алғысымызды білдіреміз!

 

 

 Автор: Д.Н.Дюсембенова

Автор: Колледж