Бинарлы сабақ

Күні: 2013-02-13 16:47:58
Бинарлы сабақ

2013 жылғы 13 ақпанда оқытушылар Н.С.Гордова мен М.А.Баданинамен 3-21Ю тобында «Кәсіпкерлік құқық» және «Заң қызметін ұйымдастыру» пәндері бойынша бинарлы сабақ өткізілді.

 

 

Бинарлы сабақтар –пән аралық байланыс пен пәндерді біріктіруді жүзеге аысрудың бір түрі.Осындай сабақтар бірмәселені шешу үшін түрлі салалардан білімдерді біріктіруге мүмкіндік беріп, тәжірибеде алған білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

 

Бинарлы сабақты дайындаудың маңызды кезеңі бірлесіп, тиянақты жоспарлау болып табылады.Сабақ бір-бірін толтыра түсетін бөліктерге бөлінеді, осы ретте қайталауды болдырмау қажет.Зерттеудің мәселесі алға қойылады, топ нәтижелерді тексеру мен ресімдеу үшін қажетті ақпараттарды, фактілер мен аргументтерді іздеумен шұғылданатын топтарға «осы сабақта, фирманың заң бөлімдері) бөлінеді.

 

 

Көбінесе бинарлы сабақтар оқып-үйренген материалды шығармашылық пайдалану кезеңінде өткізіледі, мұндай сабақтарда мәдениет аралық өзара қарым-қатынас негіздегі оқушыларға құқықты, тәжірибелік маңызды және түсінікті мәселелер шешіледі.

 

 

Бинарлы сабақтың мақсаты-білімді, дағдылар мен біліктерді дәлелді тәжірибелік пайдаланудың жағдайын жасау, оқушыларға өз еңбегінің нәтижесін көру мүмкіндігін беріп, одан қуаныш пен қанағаттарлық сезімді алу.

Сыртқы әсер үшін емес білімді жүйелеу, пәндердің байланысы мен желінің біртұтастығына сендіруді қалыптастыру үшін өткізілген бинарлы сабақ оқушының әлемді тануында ойының дамуында маңызды кезең болып  табылады.

Бинарлы сабақтар:

-пәнді үйрену мотивациясын арттырудың құралы болып қызмет етеді;

 -оқушыларда өздігінен білім алу дағдыларын дамытады;

-аналитикалық қасиеттерін дамытады;

-зор тәрбиелік әлеуетке ие;

-бинарлы сабақтарда бұрын оқылмаған жаңа салаларға біліктеркөшіріледі, бұл оқушыға шығармашылық жағдайларда шешім қабылдауға көмек көрсетеді.

 

 

 

Мұндай сабақтар оқушыларға да оқытушыларға да қызықты.Олар педагогикалық ұжымды, біріктіреді, оқытушылар арасында өзара қарым-қатынас өзгереді, бұдан басқа оқушыларда да оқытушыларда да әлемді тану мен әсер ету қасиеті кеңейе түседі.

Автор: Колледж