«Отан-отбасынан басталады».

Күні: 2018-10-16 16:22:26
«Отан-отбасынан басталады».

«Отан-отбасынан басталады».

Қазтұтынуодағының Павлодар жоғары экономикалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясының шеңберінде  1-3 курс топтары оқушыларының арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде                   «Отан-отбасынан басталады» тақырыбы бойынша, оқытушы Д.Н.Дюсембенованың жетекшілігімен  Британдық парламенттік  форматтағы  дебат өтті.

Негізгі мақсаты:оқушылардың ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу.

 

 Пікір-сайыстарға дайындық барысында оқушылар берілген  тақырып бойынша мәлімет жинастырып, оларды қарама – қарсы бағыттарды қолдайтын екі түрлі позицияға арналған жоспарға топтастырылды. Олар жақтау және даттау топтарының кейстері. Осының нәтижесінде оқушылар кез-келген мәселеге біржақты көзқараста болудан арылып, терең, сын тұрғысынан оқушыларды, сонымен қатар парламент мүшелерін (класс оқушыларын) бөлудің әртүрлі жолдарын қарастырды. Пікір – талас барысында оқушылар ортақ мәселе жайлы өз пікірлерін ортаға салды, олардың әр түрлі болуы заңды, пікір сайыстар арқылы тараптар ой бөлуге, өз көзқарастарының кемшіліктерін ашып, оларды ұштауға, кемелдендіруге мүмкіндік алды. Оқушылар дебат ойынына қызығушылық танытты. Дебат жоғары деңгейде өтті. Оқытушы Умаров А.А. және 3-09Юк тобының оқушысы Ахтанова Н.Н. сот төрешілерінің рөлдерін орындап, топтарға әділ баға бере білді. Дебатты қорытындылай келе, Дюсекеев Алан және Белян Ерсен -   І орынды, Кажмуканова Гульжан және Қайрат Жасұлан –ІІ орынды,                     Тілек Бифатима және Иманғазы Алуа -  ІІІ орынды иеленді. Олар арнайы мадақтамаларман марапатталды.

Автор: Колледж