Республикасы халықтарының Тілдер күні

Күні: 2018-09-26 09:16:51
Республикасы халықтарының Тілдер күні

Павлодар  Қазтұтыну одағының жоғары экономикалық колледжінде «Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күні» мерекесіне орай  «Асыл сөз» сайысы өткізілді. Сайысқа 1-2 курс  оқушылары қатысты.

Сайыстың  мақсаты: Оқушыларды қазақ тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Тілге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын дамыту. Тіл мәдениетінде, достық қарым – қатынасқа, ой ұшқырлығы мен тапқырлыққа, өз елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Асыл сөз сайысы үш кезеңнен тұрды:

1.СӘЛЕМДЕСУ, ТАНЫСТЫРУсайысы. Өз қалаулары бойынша өздерін түрлендіріп таныстыру.

2.«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсетеді.Ән, би, өлең оқу немесе рөлге кіріп қызықты көріністер көрсету.

3. «Сұрақ-жауап» сайысы. Алған білімдеріне байланысты «сұрақ-жауап» сайысы. 

 

«Асыл сөз» атты сайысы бойынша Постернак Лиана І орын, Марьин Александр  ІІ орын, Тимченко Наталья ІІІ орынға ие болды.

 

Автор: Колледж