Денсаулық күні

Күні: 2018-09-21 18:23:37
Денсаулық күні

Денсаулық күні

Дәстүрлі түрде, қыркүйек айында колледжде «Отбасы денсаулығы - ұлттық денсаулық негізі» Денсаулық күні өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың  денсаулығын нығайту, демалысты ұйымдастырудағы дағдылар мен білімдерді дамыту, сондай-ақ ұжымдық бірігу. Спорттық іс-шараның ұйымдастырушылары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Т. Наурызбаева және  дене тәрбиесі мұғалімдері Д.Қ. Нурғожинов және А.М.Манат  болды.

Барлық студенттер үлкен және қызықты эстафетада, арқан тарту және гир көтеру жарыстарында жарысты. Бірінші курс командалары  «Күзгі сыйлықтар» қолөнер конкурсына, жорықтарға арналған әндер байқауына белсене қатысты. Жарыс достық волейболмен аяқталды.

Спорттық-сауықтыру іс-шарасының қорытындысы бойынша нәтижелер қорытындыланды және оқушылар марапатталды. Бірінші орынды 1-19 тобының  командасы  «Фиксики» жеңіп алды, сынып жетекшісі  Г.М. Сембаева.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Бірінші курс студенттеріне әрқашан спортпен айналысуға, салауатты және жағымды өмір салтын ұстануды  тілейміз.

Автор: Колледж