Мемлекеттік тіл-оқушы жастардың көзқарасымен

Күні: 2018-09-21 18:15:31
Мемлекеттік тіл-оқушы жастардың көзқарасымен
Мемлекеттік тіл-оқушы жастардың көзқарасымен
Павлодар  Қазтұтыну одағының жоғары экономикалық колледжінде «Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай  «Мемлекеттік тіл-оқушы жастардың көзқарасымен» атты дөңгелек үстел өткізілді. Онда 1-11Юк, 2-10Юк, 2-09Фк және 3-10Юк топтары оқушылары қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесін биіктетуге насихаттау, патриоттық сезімін оятып, тілін, отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу болатын. Алдымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» және  «Мемлекеттік тіл-оқушы жастардың көзқарасымен» атты баяндама оқылды да сол тақырып бойынша сұрақтар қойылып талқыланды. Және де ортаға мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай? қазіргі жастар қазақ тілінде қаншалықты сөйлейді? біздің облысымызда қазақ тілінің мәртебесі қандай деп ойлайсыздар? елбасымыздың «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасы туралы не білесіздер? деген сұрақтар қойылып, оқушылар өз ойларын еркін толықтай жеткізе алды. Сонымен қатар оқушылар тіл туралы нақыл сөздерге талдау жасап, өз көзқарастарын білдіре алды.
 
 
Қорытындылай келе, егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлар ортаға салынды. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Осылай тілге деген құштарлығы оянып, патриоттық сезімдерімен колледж оқушылары ерекше әсер алды. 
Автор: Колледж