Ашық экскурсия сабағы.

Күні: 2018-06-01 16:47:42
Ашық экскурсия сабағы.

Ашық экскурсия сабағы.

                            Д.Н.Дюсембенова «Қазақстан тарихы» пәні бойынша 1-10 Юк тобында «Қазақстандағы индустрияландыру, мәдени құрылыс» атты тақырып бойынша Бұхар Жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейінде ашық экскурсия сабағын өткізді.

                        Оқушыларды музей экскурсоводы экспонаттармен таныстырды және әр экспонат бойынша қысқаша мазмұндады. 1920-1930 жж Қазақстандағы мәдениеттің дамуына үлес қосқан Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мустафин, Ә.Тәжібаев және т.б. ақын-жазушылар туралы сөз қозғады.

                        Сол кездегі ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту және насихаттау ісімен айналысқан М.Әуезов, М.Тынышпаев, М.Есболовтың және т.б. тарихы туралы пікір-талас жүргізілді.

                        Қазақ әдеби тілінің терминологиясы мен орфографиясы, ұлттық өнерді зерттеу, қазақ халқының тарихы мен тұрмысын зерттеу, қазақ мектептерінде оқыту туралы қоғам қайраткерлері А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатұлы және т.б. туралы сұрақ-жауап ұйымдастырылды.

Қазақстандағы индустрияландыруды жүзеге асырудағы туындаған қиындықтар мен жетістіктер, Қазақстанда жұмысшы табының қалыптасуы, өнеркәсіп саласының озаттары мен жаңашылдары туралы оқытушы тақырыпшаны түсіндірді.

Оқушылар музей экскурсоводына және оқытушыға тақырып шеңберінде сұрақтар қойып, пікір-талас жүргізе білді.

Сабақ өз мақсатына жетті, оқушыларды музей экскурсоводы оқушымен қосыла отырып, бағалады.

Автор: Колледж