«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» тақырыбына рефераттар конкурсы

Күні: 2018-06-01 12:34:56
«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы»   тақырыбына рефераттар конкурсы

«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы»

 тақырыбына рефераттар конкурсы

             «Қазтұтынуодағының Павлодар экономикалық колледжінде» мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы»  тақырыбы шеңберінде рефераттар конкурсы өтті.

            Конкурстың мақсаты: оқушылардың  өткен тарихымызға құрметпен қарап, оны танып-білуге деген құштарлықтарын ояту, рухани мұраларымыздың негіздерін айқындай білулерін, ұрпақтар арасындағы  тарихи-мәдени мұраны жаңғыртуды білуі.

            Конкурсқа «Құқықтану» мамандығының 1 курс оқушылары қатысты және қоғамдық пәндердің оқытушысы Д.Н. Дюсембенованың жетекшілігімен өтті. Оқушылар «Саяси мәдениет», «Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері», «Қазақстанның мәдени мұрасы», «Қазақстан тарихындағы дін», «Қазақстан халқы Ассамблеясы» және т.б. тақырыптар бойынша рефераттар дайындап, оларды қорғады. Оқушылар  өздерінің тарихына, мәдениетіне деген қызығушылығын, сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Конкурс   қызықты және оқушылар керемет әсерде болды, сонымен қатар белсенділік таныта білді. Әділ-қазылардың әділ шешімі бойынша  І дәрежелі дипломмен  Қайролла Айдос, ІІ 

 

дәрежелі дипломмен Кажмуканова Гульжан, ІІІ дәрежелі дипломмен  Тусупбекова Меруерт  марапатталды.

Автор: Колледж