«2018 жылғы бухгалтер- қаржыгер кәсібі бойынша үздік» облыстық кәсіби шеберлік конкурсы.

Күні: 2018-05-25 14:38:18
«2018 жылғы бухгалтер- қаржыгер кәсібі бойынша үздік»  облыстық кәсіби шеберлік конкурсы.

«2018 жылғы бухгалтер- қаржыгер кәсібі бойынша үздік»

облыстық кәсіби шеберлік конкурсы.

 

2018 жылдың 24 мамырында Қазтұтыну Одағының жоғары Павлодар экономикалық колледжінде кәсіби шеберлік «2018 жылғы бухгалтер- қаржыгер кәсібі бойынша үздік» облыстықконкурсыөткізілді. Конкурс ұйымдастырушылары Павлодар облысы білім беру басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинеті. Бұл конкурстыңмақсаты «Есеп және аудит» және «Қаржы» мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіби дайындық сапасын арттыру, болашақ мамандыққа деген шығармашылық қабілеттерін қолдау және заманауи жағдайда бәсекелестікке дамыту.

Конкурс3 кезеңнен тұрды:

 

1 кезең-«Визит карточкасы» сайысқа қатысушыларды таныстыру

2 кезең-теориялық тестілеу

3 кезең-тәжірибелік тапсырмалар

Конкурсқа қатысушылар колледждердің соңғы курс студенттері болды. Барлығы конкурсқа 12 қатысушы қатысты.

Қатысушыларды келесі құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады:  Букурова Карлыгаш Шакеновна – Павлодар облысының білім беру басқармасы бас есепшісінің орынбасары, Калымова Любовь Васильевна-  техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері,  Буланович Ирина Анатольевна -Павлодар көлік және коммуникация колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

         Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін және оқу орындарын презентация түрінде таныстырды. Презентацияда конкурстың қатысушысы, оқу орны туралы, оның мамандығының өзектілігі мен келешегі туралы ақпарат ұсынды.

Екінші кезеңде арнайы пәндер бойынша тест сұрақтарына жауап берді.

«Кәсіби шеберлік» қорытынды кезеңде қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындады: есеп шоттарындағы мәмілелерді көрсету; тәжірибелік жағдайларды шешу; қаржылық есепті талдау; «1С: Кәсіпорын 8.2» бағдарламасында операцияларды тіркеу және есеп беру.

Конкурсаяқталысымен әділқазылар бір шешімге келіп, орындар былайша бөлінді:        

1 орын – Бейсембаева Галия Алексеевна, Қазтұтынуодағының жоғары Павлодар экономикалық колледжінің студенті

2 орын – Көшербай Альмира Қайратқызы, Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжінің студенті

3 орын  – Шульга Вита Васильевна - Ақпараттық технологиялар және бизнес колледжінің студенті

Барлық жеңімпаздар Білім басқармасының дипломымен марапатталды. Қазтұтынуодағының жоғары Павлодар экономикалық колледжінің әлеуметтік серіктестері «Глория Фарм» ЖШС-нің  жетекшісі Жүнісов Ернұр Бекмұратұлының, «Акоба» ЖШС-нің жетекшісі Бахар Анатолий Анатольевичтің атынан жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Автор: Колледж