Мамыр мейрамдары!

Күні: 2016-05-13 03:07:23
Мамыр мейрамдары!

Мамыр мейрамдары!

 

Біздің колледжімізде 1, 7 және 9 мамырға арналған мерекелер жоспарланып ұйымдастырылды.

1 Мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күніне колледжімізде «Қазақстан бірлігі – халықтар достығы» атты сынып сағаттары, кітапханада арнайы кітап көрмелері ұйымдастырылды.

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күніне АӘД оқытушысы Д.К.Нургажинов 1 курс студенттері арасында әскери жарыстар өткізді. 

Сонымен қатар колледж директоры Дощанова З.А. басқарған педагогикалық ұжымымыз ер азаматтарды мейрамдарымен құттықтады. 

9 Мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне 1-2 курс студенттерінің топтарында тыл, педагогикалық еңбек ардагерлерінің, концлагерьлердің тұтқындарының және қоршауда болған адамдардың қатысуымен сынып сағаттары өтті. Сонымен бірге 1-08Юк тобының студенттері Әскери даңқ мұражайына барып қайтты.

Педагогика еңбегінің ардагері И.М.Богдашинамен кездесу

Қоршауда болған Н.Х.Ахметзияновамен кездесу

Концлагерлердің тұтқындары М.И.Тарадниймен және Е.И.Загайновамен кездесу

9 Мамыр колледж оқытушылары мен әкімшілігі «Сарбаз ботқасы» фестиваліне қатысып «Ең үздік жарнама» номинациясын жеңіп алып дипломмен және ақшалай сыйлықпен мараптталды.

     

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Акпарова Г.Е.

 

 

Автор: Колледж