«IVАхметов оқулары...» аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Күні: 2016-04-26 02:57:24
«IVАхметов оқулары...» аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«IVАхметов оқулары...» аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясы

 

«IVАхметов оқулары. Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» атты аймақаралық ғылыми-практикалық конференциясы Павлодар облысы Білім беру басқармасының қолдауымен Б.Ахметов ат. Павлодар педагогикалық колледжімен өткізілді.

Конференция мектепке дейінгі жастағы балаларды, мектеп жасындағы оқушыларды, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін тәрбиелеу және оқыту бойынша білім берушілердің құнды тәжірибесін анықтау, жалпының назарына ұсыну және тәжірибе алмасу бойынша оқытушылардың жұмысын белсендендіруге шақырады. Оқытушы Б.М.Едылбаева колледжіміздің атынан «Колледж студенттерінің бойында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру» секциясына қатысты. Едылбаева Б.М. өзінің жеке тәжірибесін жалпылап, өзінің ғылыми және зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша «Тарих сабақтарындағы өзіндік жұмыс танымдық әрекеттерді активтендіру тәсілі ретінде» атты тақырыбында баяндамасын дайындады. Сарапшы комиссияның шешімімен Б.М.Едылбаева ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. 

Б.М.Едылбаеваны тиесілі жеңісімен құттықтаймыз!Жаңа табыстар тілейміз!!!

 

Колледж әдіскері Акжолова С.Б

Автор: Колледж