Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық мерекелік шара

Күні: 2015-12-15 10:05:03
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық мерекелік шара

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық мерекелік шара

 

16 желтоқсан күні біздің көпұлтты халқымыз өздерінің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін тойлайды.

Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және казақстандықтардың рухани әл- ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Казақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп шынға жетіп өркендеуы – біздің жетістігіміз.

Осы мерекеге қарсанында  14 желтоқсан күні Шушпаева А.Ш., Карашорова А.К  оқытушылардың ұйымдастыруымен 1-2 курс студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық мерекелік шара өткізілді.  Бұл шараның мақсаты оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденістерін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм  сезімін қалыптастыру. Студенттер мерекелік шараға белсенді қатысты ән айтып, өлеңдер оқыды  және студенттер арасында викторина өткізілді.

Қазақ елінің бүгінгі  таңда іргелі, мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосылып, ізгі ниетті адамдар назарына ілігуі оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп  тілейміз. 

 

Алтай – Жайық арасы –

Жарты әлемдей даласы.

Ол – біздің Қазақстан!

Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлаулы.

Ол – біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусар ән,

Ол – біздің Қазақстан!

 

 

Оқытушылар:Шушпаева А.Ш., Карашорова А.К.

Автор: Колледж