«Еңбек ардагеріне, Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналады!

Күні: 2015-05-06 03:40:18
«Еңбек ардагеріне, Ұлы жеңістің  70-жылдығына арналады!

Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналаған мереке биылғы жылы атаулы күндердің біріне жатады.  Ұрыс алаңында  және еңбек майданында халықтың жасаған ғерлігі мәңгілік естен шығар емес.

Соғыс кезеңіндегі ұрандардың бірі «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін!»,соғыс үшін еңбек майданында ерлік көрсеткен еңбек ардагерлерінің бұлжытпас ұрандары болды. Барлық жауапкершілікпен жанкештілікпен еңбек даласында, колхоздар мен зауыттарда өз жандарын аямастан тер төккен ардагерлер бүгінде соғыс ардагерлерімен қатар сыйға лайықты жандар.   

Ерекше назар аударатын жайт, бұл соғыста еңбек етуге жарамды жастар мен жасөспірімдер де өз  үлестерін қосты.  Бізідің отбасымызда соғыс сұрапылын көзімен көрген куәгері болған әжеміз Вера. Волкова Вера Владимировна 1926 жылы 6 тамызда Каратал ауылы (қазіргі Кашыр ауданы) Павлодар облысының  көпбасылы отбасында дүниеге келіп 8 жасында жетім қалған.

   1941 жылдың басында ол 15 жаста болатын, сол жасына қарамастан ол үлкен адамдармен бірге қатар тұрып еңбек даласында жұмыс істейді. Ол сүт фермасында сауыншы болып жұмыс істейді, сүтті майға айналдырып, қорытылған майды әсңер даласына майдангерлерге жіберіп отырады.

жазық далада жұмыскерлерге ас даярлайтын аспазшы болып, егіс даласында өгіздерді жегіп бидай сеуіп , қырманда бидайды жинасуға белсенді ат салысып күндіз-түні аянбастан  еңбек еткен адамдардың бірі біздің әжеміз.

 

Ерте жасынан тұрмыс құрып, жолдасы  Қашыр ауданындағы аудандық милиция бөлімінде жұмыс істейді. 1956 жылы жолдасы кенеттен қайтыс болып, 30 жасында алты баласымен қалады. Отбасында арқа сүйер ешкімі болмаған әжеміз ауыр жүкті өзі арқалап, балаларын өзі көтереді.  1952 -1979 жылдары Железинка ауылының мәдениет үйінде кассир болып жұмыс істейді. Қазіргі уақытта  Железин ауданында өзінің қызы  Волкова Людмиламен бірге  Прииртышск кеншарында бала-шағаларымен бақытты ғұмыр кешуде.   

Еңбек ардагері ретінде Волкова В.В.  Ұлы Отан соғысының мерейлік 60-жылдық, 65-жылдық   және 70-жылдығына арналған  медалдармен  марапатталған.  Біз біздің отбасымызда осындай жанның бар екеніне қуанамыз және шаттанамыз, біз ол кісінің соғыс жылдары жасаған еңбек майданында ерлігіне таң қаламыз, жігерлігі мен қайсарлығына ризашылығымызды білдіреміз.   Бізідің отбасымыздағы жақсы дәстүрлердің бірі отбасылық мерекеде бас қосу. Бүгінде әжеміз 89 жасқа келген. Соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлеріне зор денсаулық, бақыт тілейміз. Соғыс өрті ешқашан жанбай, аспанымызда бейбітшілік мәңгілік орнап, тәуелсіз қазақстанымыз гүлденіп жайнай берсін.  Жастарға соғыс сұрапылын ұмытпай, ардагерлерді қашанда құрметтейік дегіміз келеді. .

 

Павлодар Қазтұтыну одағы 

экономсикалық колледжінің оқытушысы Сысоева Л.А.

Автор: Колледж