Сынып сағаты: «Ұлы Отан соғыс жылдары қазақстандықтар» .

Күні: 2015-04-30 04:23:02
Сынып сағаты: «Ұлы Отан соғыс жылдары қазақстандықтар» .

Сынып сағаты: «Ұлы Отан соғыс жылдары қазақстандықтар» .

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты 2 курс «Есеп және аудит» мамандығының  оқушылары және «Есептеу техникалараы және бағдарламамен қамтамасыз ету» 3 курс оқушылары 2015 жылы 29 сәуірде «Ұлы Отан соғыс жылдары қазақстандықтар»  тақырыбында сынып сағатын дайындап өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты: Қазақстан халқының соғыс жылдарындағы ерлігі, соғыста ерлікке жету үшін майданға жасаған көмегі туралы айтып таныстыру және оқушылардың бойында отанға деген сүйпеншілік пен патриоттық сезімдерді тәрбиелеу.

Сыныптан тыс өткізілген іс-шарада Қазақстанның  соғыста алған орны стратегиялық жағынан және экономика жағынан  майданда көрсеткен көмегі туралы айтып өтті.  Оқушылар сынып сағатына  Қазақтандықтардың соғыс жолдарында көрсеткен ерліктері туралы мәлімет жинап хабарламаларын көрсетті.

Оқушылар колледж ардагері Багдашина Инна Михаиловнаны шақырып соғыс жылдарында өткізген балалық шағы туралы, естеліктері мен сұрапыл жылдары әкесінен айрылып жеңіс үшін  жасалған ерліктеріне тоқталып кетті. Жеңістің адамзат үшін қандай қиыншылықпен келгеніне тоқталып, осы бейбіт өмірге қандай қиыншылықтар арқылы жеткенімізді ешқашан ұмытпай мәңгілік есте сақтау қажеттігін айтып өтті.  сынып сағатының соңында оқушылар Инна Михаиловнаға шоқ гүлдерін ұсынып, ризашылықтарын білдірді.

 

                        2-86Б тобының сынып жетекшісі  Наурызбаева Н.Т.

Автор: Колледж