«Қазақ мемлекетінің тарихы туралы сен не білесің?» атты викториналық сайыс.

Күні: 2015-04-01 09:30:20
«Қазақ  мемлекетінің тарихы туралы сен не білесің?»  атты викториналық сайыс.

«Қазақ  мемлекетінің тарихы туралы сен не білесің?»

атты викториналық сайыс.

 

«2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек», – деген Елбасымыз Н.Назарбаев 2015 жылы Қазақстан Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтетіндігімізді мәлімдеді.

 18 наурыз күні колледжде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ  мемлекетінің тарихы туралы сен не білесің?» атты викториналық сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа «Құқықтану» мамандығы бойынша 1 курс оқушылары қатысты. Сайыстың мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып, 1465 жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен  Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру болды. Бұл шарада оқушылар “жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”, “шөлқандырар”, ”тақымқысар” атты тапсырмалар бойынша топқа бөліне отырып, сайысқа түсті. 
    Сайыс барысында бейнематериалдар көрсетіліп, викториналық сұрақтар бойынша тартысты ойын ұйымдастырылды. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында студенттер сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.

 

 

                                                                 Оқытушы: Д.Н.Дюсембенова.

Автор: Колледж