1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Күні: 2014-06-02 09:32:03
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған

мерекелік іс-шаралардың 

БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Төменгі жағажай, орталық сахна

 

11.00-11.30  «Алақай, алақай, жаз келді балақай!»                                   

балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен көпшілік театрландырылған іс-шара

11.30–15.00 «Балалық шақ – ән-жырым!» - атты концерттік бағдарлама

15.00-18.00 «Көтерілсін көңіл, жарқын болсын өмір!» - мультфильмдер көрсетілімі

 

Жоғарғы жағажай

11.30-15.00

«Жазғы калейдоскоп!» саяжолының бағдарламасында: «Көңілді  макияж» бетке грим жасау, африкалық үлгіде шаш өру.

 

«Сиқырлы бақ» - көңілді қылжақбастар балаларды сиқырлыққа, фокустарға үйретеді, мультфильмдердің кейіпкерлері-бойшаң қуыршақтар, суретшілердің жұмыстары.

 

«Жайдарлы күлкі!» фото-аллеясы, фото павильондардың жұмысы

 

«Шеберлер және техникалық шығармашылық қаласы» алаңшасы – қолданбалы және техникалық шығармашылық көрме, қарт адамдардың қолымен жасалған бұйымдардың көрме-сатылымы: «Әжелердің жылы қолы, аталардың шебер қолы».

 

«Забияка» алаңшасы - ең кішкентай балаларға арналған жастыққа толы қайталанбас алаңша. Бұл алаңшада балалар жастықпен ойнай алады. 

 

«Буль – буль шоу» алаңшасы, сабынды көпіршіктер аймағы.

 

«Отбасылық эстафета» спорттық алаңша -  «үлкен шалбарда жүгіріс жарысы», «үлкен адамның аяқ киімі», «боксшы қолғабы», бесік-арбалар шеруі.

 

«Үлкен шахматтар» алаңшасы

«Асық» алаңшасы

- «Динозаврдың ұясы» алаңшасы

Ленин көшесі

11.30 – 15.00

«Шіркін, лайф!» - би жаттығуы, үлкен би паровозы, караоке – шоу /Ленин көшесі/

-«Мега–бояманы безендір»

Қайырбаев көшесі

11.30 – 15.00

-  «Доңғалақты айналдыр» алаңшасы – велосипедпен жарыс, скейтерлердің көрсетілімі және т.б.

 

Орталық мәдениет және демалыс саябағы

 

10.00 – 20.00 аттракциондардың жұмысы

11.00-12.00 "Музыкалық паровоз", «Демалыс бекеті» концерттік бағдарламасы

12.00–15.00 «Біз бақытты балдырған» балаларды қорғау күніне арналған

мерекелік бағдарлама 

15.00 -19.00 «Виват, футбол» ойын-сауық бағдарламасы

Сонымен қатар сағат 14.00 Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени-сауық орталығында «Жауқазын» облыстық балалар шығармашылығы конкурсы өтеді.

2 маусымда сағат 10.00 Г. Потанин атындағы облыстық өлкетану мұражайында «Әлем балалар көзімен» балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесі, сағат 16.00 «Менің бақытты балалық шағым» балалар үйіне (Катаев, 83) көшпелі қайырымдылық концерті өтеді.

3 маусымда сағат 10.00 Облыстық көркем мұражайында балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арналған таңертеңгілік өтеді. Конкурстар, викторина, дамыту ойындары, экскурсиялар, мультфильмдер ұйымдастырылады.

Автор: Колледж