Қазақстан балалары және Конвенция

Күні: 2014-06-02 08:28:55
Қазақстан балалары және Конвенция

       30 мамыр, 2014. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз орталығында «Қазақстан балалары және Конвенция» тақырыбында баспасөз-конференциясы өтті.

1994 жылдан бастап біздің мемлекетіміз Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған ең алғаш халықаралық құжат Бала құқықтары туралы конвенциясының мүшесі.

2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Біз – Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» бүкілқазақстандық акциясын өткізеді. Осы жылы бүкілқазақстандық акция Қазақстан Республикасының БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауының 20-жылдығына арналды.

Қазіргі таңда  республикада 18 жасқа дейінгі бес миллионнан астам бала бар. Оның ішіндегі 2,2 миллионы – мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер, 2,5 миллионы оқушы, 300 мыңнан астамы жастар. Елімізде балалардың білім алуына, денсаулығын сақтауға, қоғамдық өмірге қатысуына құқықтары қамтамасыз етілген. 

Жаппай білім беру мониторингі жөніндегі ЮНЕСКО-ның жыл сайынғы баяндамасының деректеріне сәйкес, білім беруді дамыту индексі бойынша (БДИ) Қазақстан алғашқы үздік төрттіктің қатарында. Бұл жоғары көрсеткіштердің айқын дәлелі – еліміздегі орта мектептегі он бір жылдық білім алу мен мектепке дейінгі дайындықтың тегін әрі міндетті болуы, білім беру барысында гендерлік белгілер бойынша бөлудің бөлінудің жоқтығы. Бүгін балаларды орта біліммен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. 2020 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланып отыр.  

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жандануда.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін арнайы білім беру ұйымдарының желілері бар. Бұл 17 оңалту орталығы, 133 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, мектеп жанынан ашылған 558 логопедиалық пункт, 47 инклюзивті білім беру мектептері.

Соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, балалар үйлері мен интернаттық мекемелердегі балалар санының азайғаны байқалады. Бала асырап алғысы келетін қазақстандықтардың саны көбеюде. 

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, аталмыш санаттағы балалардың киім-кешегі, қалам-қағаз, кітап-дәптер, оқулықтары, тамағы пен жазғы демалысы қамтамасыз етілген, әлеуметтік өтемақыларға деген құқықтары сақталады. 23 жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жалақыға құқығы сақталады.   

«Біз – Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» бүкілқазақстандық акция аясында 3 млн. бала қатысатын 500 мерекелік іс-шара жоспарланған.  

1 маусым күні  «Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық кампаниясы басталады. 

Астана қаласында 1-2 маусым күндері 

-      150  жетім бала мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған  «Таң Шолпан» республикалық шығармашылық конкурсы;

-      «Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балалар фестивалі өтеді.

Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Тараз, Қарағанды, Павлодар қалаларында балалардың қоғамдық көлікпен тегін жүруі қамтамасыз етіледі.

 

Қостанай облысында «Туған күніңмен, балақай» мерекелік іс-шарасы аясында 1 маусым күні туған барлық балаларға сыйлықтар табыс етіледі.

Көп балалы, аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар үшін республиканың түкпір-түкпірінде қайырымдылық акциялары (Кинотеатрға тегін билет, көңіл көтеру орталықтарын аралау, ескерткіш сыйлықтар) ұйымдастырылады.

1 маусым меркесі балаларымыздың есінде қалатындай игілікті шара болады деген сенімдеміз.  

Автор: Колледж