Ашық сабақ

Күні: 2014-02-27 04:26:58
Ашық сабақ

Ашық сабақ

        Жалпы орта білім беру пәндерінің оқытушысы Д.Н.Дюсембенова қоғамтану пәнінен 1-06юк тобында «Демографиялық зерттеулер»тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

        Ұлттық демографиялық жағдай» атты тақырыбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа Павлодар қ. Статистика депеартаменті, әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының басшысы А.М. Сматаева және әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының бас маманы Н.Қ. Мүсәлімова қатысты. Мамандар оқушыларға ҚР және Павлодар облысының демографиялық көрсеткіштері бойынша баяндама оқып, оқушылардың дайындаған сұрақтарына арнайы диаграммалар, кестелер арқылы жауап берді. Мамандар мен оқушылар арасында сұрақ-жауап (пікір-талас) өтіп, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтардың жауаптарын толығымен біле алды. Сондай-ақ, мамандар оқушыларға ҚР және Павлодар облысының демографиясы туралы кітапшалар мен кітаптарды сыйға тартты.    Сабақта оқушылар берілген тапсырмалардың барлығына белсене қатысып, тақырып бойынша өз ойларын қоса білді. Әсіресе, сабақтың «дебат» бөлімінде оқушылар өздерін белсене көрсетіп, өз ойларын ортаға салды. Сабаққа колледж әдіскері мен оқытушылары қатысып, оқушыларды «үздік» деген бағаға бағалады. Сабақ өз мақсатына толығымен жетті. Жоспар орындалды.

С.Б.  Акжолова 

Автор: Колледж