49 Заглушка: Заголовок

Дата: 2025-11-28 23:41:34
49 Заглушка: Заголовок
2025 жылғы 15 қыркүйекте Павлодар жоғары экономикалық колледжінде (Қазтұтынуодағы) бірінші курс қыз студенттеріне арналған «Репродуктивті денсаулық. Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Шараға облыстық Сұлтанов атындағы аурухананың дәрігерлері қатысты: Маукен Алтынай Толғатқызы – гинеколог, репродуктолог, Бейсенова Анаргүл Амангелдіқызы – салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі үйлестіруші. Медицина мамандары қыздармен репродуктивті денсаулық, жеке бас гигиенасы, әйелдер денсаулығын сақтау, ерте жүктіліктің себептері мен салдары туралы кәсіби әрі түсінікті тілде әңгіме жүргізді. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің физиологиялық және әлеуметтік жағынан қандай қиындықтарға әкелетіні туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіліп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі жан-жақты жауап алды. Шара жылы әрі сенімді атмосферада өтті. Қатысушылар өздеріне пайдалы мағлұмат алып, репродуктивті денсаулықтың маңыздылығын жете түсінді. 15 сентября 2025 г в Павлодарском высшем экономическом колледже Казпотребсоюза врачи областной больницы им Султанова : Маукен Алтынай Толгаткызы гинеколог ,репродуктолог и Бейсенова Анаргуль Амангельдиновна координатор ЗОЖ, провели беседу - лекцию на тему « Репродуктивное здоровье .Профилактика ранней беременности «с девушками первых курсов. Медики профессионально и доступно остановились на вопросах гигиены , деликатно поговорили о женском здоровье ,назвали причины ранней беремености ,показали пооблемв ,которые ее сопровождают , продемонстрировали практический видеоматериал, ответили на интересующие вопросы девушек .
Автор: Колледж